Әділет министрлігі «Ашық НҚА» порталында ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жариялады.
Жобада пара берушілерге жазаны қатаңдату жоспарланған. Атап айтқанда, пара алушыларға алған пара сомасының 10 еседен 20 есеге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салынады. Егер пара мүлік түрінде берілсе, ол сол мүліктің құны мөлшерінде айыппұл төлейді. Айыппұл төлемейтін болса, 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылады.