Сенатор Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ұсыныс айтты

0
924

Сенатор Алтынбек Нухұлы қазақ халқының көрнекті ұлы, Шығыс елдерінен шыққан тұңғыш академик, әлемге әйгілі ғалым, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығын жоғары идеологиялық және ұйымдастырушылық тұрғысында жоғары деңгейде атап өтуге шақырды. Депутат еліміздің Премьер-Министріне жолдаған сауалында ғалымның мерейтойына арналған іс-шаралар жоспарын бекіту қажеттігі туралы айтты.

Сенатор осы шаралар жоспарын қарау және бекіту үшін мемлекеттік комиссия құруды да ұсынды. Депутат онда  жалпы мемлекеттік және өңірлік шаралар қамтылғанын атап өтті.

«Ғалымның туған елі – Павлодар қаласының аэропортына «Академик Қаныш Сәтбаев» есімін беруді және алғашқы академиктің 10 томдық толық жинағы мен 5 томдық академиялық шығармалар жинағын дайындау және энциклопедиясын толықтырып, жаңадан екі тілде шығаруды ұсынамыз. Қазақстандағы Сәтпаев музейлерін заманауи талаптарға сәйкес қалыпқа келтіру, Қаныш Сәтпаевтың туған жерінде мемориалдық кешен салу және бұған дейінгі депутаттық сауалда көтерілген 30 километрлік туристік жолды салуды бастау маңызды», – деді сенатор.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here