8 658 жылға бас бостандығынан айырылған уағызшы

0
797

Стамбулдың қылмыстық істер жөніндегі аймақтық соты өткен жылы жат ағымның уағызшысы, жалған ғылыми бағыттағы жазушы Аднан Октарға және көптеген қылмыстық істің тағы 14 қатысушысына тағайындалған 8 658 жылға бас бостандығынан айыру жазасын күшінде қалдырды. Бұл туралы «Habertürk» телеарнасы хабарлады.

67 жастағы Аднан Октар 2018 жылы қылмыстық топ құру, жыныстық зорлық-зомбылық көрсету, балаларды ұрлау сияқты көптеген ауыр айыптар бойынша қамауға алынды. Түрік сектасының жетекшісі 2021 жылы 1 075 жылға бас бостандығынан айырылды. 2022 жылы жат ағымның уағызшысы тағы бірқатар ауыр қылмыстар бойынша кінәлі деп танылып, 8 658 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Бұл іс бойынша барлығы 215 адам тергеуге алынды. Олардың бір бөлігі «Аднан Октардың қылмыстық ұйымына қатысқаны» үшін сотталды.

Айта кетейік, әлемнің 76 тіліне аударылған 300-ге жуық кітаптың авторы Аднан Октар Құранның өзіндік түсіндірмелері негізінде культ құрды. Өзінің медиа құралдары арқылы «исламның басқа құндылықтарын» уағыздады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here