Қазіргі заманғы қауіп-қатерді еңсеру мәселелері талқыланды

0
439

Алматыда өңірлік САМСА (Орталық Азия – Моңғолия – Кавказ – Ауғанстан) форумы болды. 10 елдің өкілдері қатысқан форумда халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері мен өңірлік және жаһандық деңгейдегі ынтымақтастықты дамыту жолдары талқыланды.

Шараны АҚШ-тың танымал талдау орталығы – Орталық Азия және Кавказ институты және Дональд Рамсфельд атындағы американдық қор ұйымдастырды.

Форумда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Асқар Шәкіров негізгі баяндама жасады.

Шараға қатысушылар еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған ауқымды саяси жаңғырту бағдарламасымен танысты. Дүрбелеңге толы әлемдегі геосаяси жағдайды еңсеру аясында Орталық Азия елдері мен өңіріндегі орнықты дамудың негізгі себебі ретінде өзара байланысты дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Сенатор интермодальдық коммуникациялар мен сауда ағындарының халықаралық нарықтарға өткізу мүмкіндігін едәуір кеңейте алатын орта дәлізді (Транскаспий көлік бағыты), «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық «Бір белдеу. Бір жол» көлік дәлізін дамыту жөніндегі еліміздің күш-жігері туралы айтып берді.

Өңір алдында тұрған жаңа сын-қатерлер жағдайында Орталық Азия мемлекеттерінің көпжоспарлы ынтымақтастығын кеңейтудің маңыздылығы атап өтілді. Қазіргі кездегі өзара көпжақты іс-қимылдың әлеуетіне өңір елдерінің Парламентаралық форумының жұмысы Орталық Азиядағы орнықты дамудың стратегиялық бағыттарын талқылайтын тұрақты диалог алаңы ретінде жәрдемдесетін болады.

Қазақстандық депутат озық тәжірибемен алмасу және заң шығару қызметінің барысын зерделеу мақсатында Қазақстан АҚШ-пен стратегиялық, оның ішінде парламенттік байланыстар аясындағы әріптестікке ерекше маңыз беретіні туралы айтты.

Форумға қатысушылар осындай сипатта Әзербайжан мен Өзбекстанда өткізілген кездесулер мен пікір алмасу қажеттігі туралы бірауыздан пікір білдірді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here