Ұландарды ұзын жолға шығарып салды

0
387

Үшінші мегаполистің «Астана» алаңында Кеңес Одағының Батыры генерал С.Рахимов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 129 түлегі жалпы орта білім туралы аттестат алды. Алаңға ұландар мен олардың ата-аналары, оқытушылары, сондай-ақ гарнизонның әскери қызметшілері, ардагерлер ұйымдарының төрағалары мен құрметті қонақтар жиналды.

Саптық  тексеріс пен баяндама жасалғасын, мектеп бастығы полковник Пернехан Орынбеков, оқытушылар мен оқушылардың ата-аналары балалардың өмір жолына басып жатқан алғашқы қадамдарына қолдау көрсетіп, жылы тілектерін білдірді.

Полковник Орынбеков жеке құрамды мектепті бітіруімен құттықтап, өткен оқу жылының оң нәтижелерін атап өтіп, барлығына алдағы өмірде табыс тіледі.

– 37 жыл бойы біздің мектеп Отанның ең үздік ұлдарын, болашақ және бүгінгі Отан қорғаушыларды шығаруда. Жыл сайын біздің түлектер Қорғаныс министрлігінің, ҰҚК, ТЖМ және ҚР ІІМ жоғары оқу орындарына түседі. Мен барлықтарыңызға бейбіт аспан тілеймін. Сіздер Отанымызды қорғауға әрқашан дайын екендеріңізге берік сенемін, – деді Пернехан Басарбекұлы.

Қонақтардың құттықтау сөздерінен кейін салатанатты шара ұландардың орындауындағы қоштасу вальсімен жалғасты. Ал гарнизонның әскери қызметшілері көрермендерге армияның қоян-қолтық ұрысының тәсілдерін көрсетсе, әскери оркестр заманауи және дәстүрлі әуендерін тарту етті.

Салтанатты шара соңында түлектер, мектеп басшылығының алдында салтанатты саптық шерумен өтіп, осы сәт үшін алдын-ала жинаған тиындарын аспанға лақтырды, бұл олардың болашағының жарқын мансабын білдіредтін дәстүрлердің бірі.

Кеңес Одағының Батыры генерал С.Рахимов атындағы бүгінгі «Жас ұлан» республикалық мектебі жалпы орта білім беру бағдарламасын іске асыратын оқу орны болып табылады. Ол оқыту мен тәрбиелеуді сапалы ұйымдастыру, дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін барлық қажетті заттармен жабдықталған. Оқу бағдарламасына мемлекеттік және шет тілдері, әскери және дене шынықтыру пәндері бойынша сабақтар кіреді.

Айта кетсек, «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілерін даярлау деңгейі жыл сайын артып келеді. Балалар ұлттық бірыңғай тестілеуден сенімді өтіп, жоғары нәтижелер көрсетуде. Ал түлектердің көпшілігі Отанға қызмет ету мансабын таңдайды. Сондай-ақ, биылғы жылы 102 түлек әскери жоғары оқу орындарына құжат тапсырды.

Шымкент гарнизонының Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here