Жаңа оқу жылында ҚазҰАЗУ профессор-оқытушылар құрамының жалақысы тағы 50 пайызға артады

0
683

Бүгін Ректор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті Ақылбек Күрішбаевтың төрағалығымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқармасының отырысы болып өтті.

Қабылданған шешімге сәйкес, алдағы жаңа оқу жылында, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап ҚазҰАЗУ профессор-оқытушылар құрамының еңбекақысы тағы да 50 пайызға көтеріледі. Сондай-ақ, рейтинг жүйесі негізінде ПОҚ ұжымының белсенді бөлігінің жалақысына арнайы үстеме ақы төленетін болады.

Осылайша, ҚазҰАЗУ-дың жаңа басшылығы жұмыс істеген уақыттан бастап (9 ай ішінде) профессорлық-оқытушылық құрамның нәтижелі жұмыс істеуі үшін барлық қажетті жағдайлар жасалып, олардың еңбекақысы кезең-кезеңімен 100 пайызға көтерілді.

Сонымен қатар, ынталандыру төлемдерінің есебінен (сіңірген еңбегіне қарай) факультет декандары, декан орынбасарлары мен кафедра меңгерушілерінің жалақысы да  42 пайызға дейін өсетін болады.

 

Бүгінгі таңда Жаңа Қазақстанның ғылымы мен білім беру жүйесін дамытудың негізгі қозғаушы күші – тәжірибелі, біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандар екені даусыз.

«Біздің мақсатымыз – университетіміздің ғылыми қоғамдастықтағы беделін арттыру және оқытушы қызметкерлердің жалақысын еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының деңгейіне көтеру, сол арқылы әділ де бәсекеге қабілетті университет қалыптастырудың негізін қалау. Алдағы жылдары ҚазҰАЗУ өз қызметінің құрылымы мен мазмұны жағынан әлемдік деңгейдегі заманауи зерттеу университетіне айналатынына сенімдіміз», – дейді университет басшысы Ақылбек Күрішбаев.

ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here