Банктер арасындағы ортақ QR-кодқа екі банк қана қосылған

0
62

Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі – Цифрлық транзакциялар жөніндегі жетекші Бинұр Жаленов банктер арасындағы бірыңғай мобильді аударым жүйесі қашан жұмыс істей бастайтынын айтты.

– Жүйе былтыр әзірленіп, қанатқақты режимде іске қосылған болатын. Бүгінгі таңда банктер кезең-кезеңмен осы жүйеге қосылып жатыр. Ұлттық төлем корпорациясы 9 банкпен келісімшарт бекітті. Ол тоғыз банк – Халық банк, Банк Центр кредит, Freedom bank, РБК, Алтын банк, Береке банк, Forte bank, HomeCredit bank және Nurbank. Келісімшарттың бекітілуі – осы банктер жүйеге қосылу бағытында белсенді жұмыс істеп жатыр деген сөз. Маусым айында клиенттер алғашқы бес банктің арасында телефон нөмірі бойынша аударым жасай бастайды деп күтіп отырмыз. Тізімдегі бес банк – Халық банк, Freedom, RBK, Алтын банк және Home Credit. Кейін өзгелері де қосылады, – деді Бинұр Жаленов Ұлттық банкте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Бинұр Мұратұлы банктер арасындағы QR-төлемдер құралы қолданысқа дайын екенін мәлім етті.

– Freedom bank пен RBK жұмысты аяқтады. Оның сыртында тағы 4 екінші деңгейлі банкпен белсенді жұмыс жүріп жатыр. Жыл аяғына дейін бірнеше банк осы құралды іске қосады деп күтіп отырмыз, – деді Ұлттық банк басшысының кеңесшісі.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here