Астанада LRT жүйесі көктемде іске қосылады

0
133

Астанадағы LRT жұмысы көктемде басталады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram–парақшасында мәлімдеді.

Әкім Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярмен бірге LRT депосының ғимаратына барып, жеңіл рельсті көлік жобасы аясында құрылып жатқан Бірыңғай диспетчерлік орталықтың жұмыс дайындығымен танысты.

Жаңа орталық көлік жүйесін басқару мен қаладағы жол-көше желісіндегі процестерді үйлестірудің негізгі элементіне айналмақ. Оның функциясына:

  • LRT құрамдарының қозғалысын басқару;
  • интеллектуалды көлік жүйесіндегі бағдаршамдарды үйлестіру;
  • қоғамдық көлікті диспетчерлік сүйемелдеу;
  • велосипедті жалға беру жүйесін басқару;
  •  көлік деректерін өңдеу және сараптамалық талдау кіреді.
  • Сапар барысында «Әуежай», «Бәйтерек», «Министрліктер үйі», «Музей» станцияларының жай-күйі қаралған. Қазір сынақтық пайдалану бекітілген бағдарламаға сәйкес бүкіл желі бойынша жүргізіліп жатыр. Сынақтар инфрақұрылым мен қауіпсіздік жүйелерін тексеруді, персоналды даярлауды және апаттық рәсімдерді пысықтауды қамтиды.

Жеңіс Махмұдұлының айтуынша, LRT құрамдары пилотсыз режимде қатынайды және Орталық Азия климатына бейімделген, төмен температура мен аязға төзімді.

«Жолаушылар қозғалысының нақты басталу күні барлық сынақ шаралары толық аяқталып, жүйенің техникалық талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін белгілі болады. LRT жұмысы көктемде басталады», – деді қала басшысы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here