Италияда өткен қысқы Паралимпиада ойындарынан жұма күні ақжолтай хабар келіп жетті. Отандасымыз Ербол Хамитов пара биатлоннан 4,5 шақырымдық жарыста алдына жан салмай, Паралимпиада чемпионы атанды. Бұл – тек ұлттық параспорт үшін ғана емес, жалпы қазақ спорты үшін тарихи жеңіс. Енді қазақта қысқы Паралимпиада чемпионы бар.
Бұған дейін Ербол Ғалымкерейұлы осы дүбірлі додада пара шаңғы сайысының қола жүлдесіне қол жеткізгені белгілі. Бұл жеңісімен ол өз жетістігін еселеп, еліміздің абыройын асқақтатып отыр. Сондай-ақ, параатлет арман мен мақсат жолында табандылық танытқан адамға еш нәрсе кедергі болмайтынын дәлелдеп берді.
Алға, Қазақстан!









