Бүгін, 23 тамызда ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтіп жатқан күні жалпыұлттық онлайн-марафон өз жұмысын бастады.
Тікелей эфир сағат 09:00-де басталып, түнгі 00:30-ға дейін жалғасады. 16 сағат бойы көрермендерге сайлау процесінің барысы туралы жедел ақпарат, сарапшылардың пікірлері, тікелей қосылымдар, арнайы репортаждар мен түрлі форматтағы бағдарламалар ұсынылады.
Марафонға қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар, түрлі саланың мамандары мен сарапшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер, спортшылар, сондай-ақ шығармашылық және креативті индустрия өкілдері қатысып жатыр.
Жалпыұлттық онлайн-марафон республикалық және өңірлік медиаресурстардың ресми сайттары мен әлеуметтік желідегі парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі. Іс-шара барысында жедел жаңалықтар мен маңызды ақпарат «Онлайн-марафон – 2026» Telegram-арнасында жарияланып отырады.
Жалпыұлттық онлайн-марафонның тікелей эфирін 38 YouTube арнасынан, оның ішінде 14 республикалық және 14 өңірлік телеарнаның YouTube арналарынан, сондай-ақ 10 ақпараттық порталдан көруге болады.









