Жетісу облысында «Мектепке жол» акциясы өтті

0
4806

Қазақстан халқы Ассамблеясы жыл сайын оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясын дәстүрлі түрде өткізіп тұрады. Этномәдени бірлестіктер көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге өз үлестерін қосуда. Баланы мектепке дайындау, қажет заттармен қамтамасыз ету көп қаражатты қажет етеді. Әсіресе, бірнеше бала тәрбиеленетін отбасыларға қиын. Әр оқушыға рюкзак, мектеп формасы және кеңсе тауарларының толық жиынтығы қажет.

Аталған акция аясында ағымдағы жылдың 22 тамыз күні сағат 10.00-де Жетісу облысы Көксу ауданы Теректі ауылы Т.Исабаев атындағы №4 орта мектебі мен Ақшатоған ауылдық №5 орта мектебінің 20 оқушысына  «Нахичевань» әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Фахреддин Магеррамов және орталықтың ақсақалдары мектепке қажетті заттармен көмек көрсетіп, сыйлықтарды тарту барысында оқушыларға тілектер айтып, жаңа оқу жылына сәттілік тіледі.

Осындай акцияларды өткізгенде біз мектеп оқушыларының және ата-аналардың бақытты жүздерін көріп, олар үшін бұл тек материалдық көмек қана емес, сонымен қатар қамқорлық, көңіл мен қолдаудың белгісі деп білеміз.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here