Алаштанушы, жазушы Елдос Тоқтарбайдың жаңа кітабы – «Алаш әліппесі. Алаш қозғалысының тарихы» – ұлттық рухты оятатын еңбек.
Бұл кітапта ХХ ғасырдың басында қазақ халқының ұлттық жаңғыруын мақсат еткен Алаш қозғалысы туралы кешенді әрі жүйелі баяндалады. Туындыда Алаш идеясының тууы, оның тарихи алғышарттары, саяси-идеялық негіздері, Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметінің құрылуы, бағдарламалық ұстанымдары мен тарихи миссиясы нақты деректер мен архивтік материалдар негізінде қарастырылады.
Бұл еңбек Алаш қайраткерлерінің тұлғалық қалыптасуы, зияткерлік болмысы мен ұлтқа қызмет ету жолындағы табанды күресін көрсету арқылы олардың мұрасының бүгінгі ұрпаққа берер тағылымын ашады.
Кітап оқырманға Алаш идеясының мәнін ұғындырып қана қоймай, оны ұлттық сана мен тәуелсіздік рухының бастауы ретінде тануға жол ашады. Қарапайым тілмен, нақты тарихи фактілерге сүйене отырып жазылған бұл туынды – оқушылар мен студенттерге, жас зерттеушілер мен мұғалімдерге, сондай-ақ ұлттық тарих пен Алаш қозғалысына қызығушылық танытатын барша оқырманға арналған.
Ұлттық иммунитетті күшейтетін кітапты оқыңыз. Ой түйіңіз. Рухтаныңыз. Алашты таныған сайын, өзіңізді де тереңірек тани бастайсыз.









