Ұстаздар ұстаханасында қонақтық дәрістер аяқталды

0
1091

Институционалдық тиімділік кеңсесі 27 мамырда «Білім беру бағдарламаларының силлабустарын жобалау» тақырыбында қонақ дәрісін ұйымдастырды. Дәрісті Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі деканының орынбасары, PhD докторы Джейсон Спаркс жүргізді.

Курсқа профессор-оқытушылар құрамы, докторанттар және университеттің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері шақырылды. Сессияның бірінші бөлімінде бағдарламаның мысалдары және курстардың ағымдағы силлабустары қарастырылды. Осы құжаттар құрылымының ерекшеліктері. Сессия жұмысы интерактивті түрде қатысушыларды топтарға бөліп, әр топқа курс бағдарламалары мен силлабустың мақсаттары мен міндеттерін қалыптастыру бойынша тапсырма берді.

Сессияның екінші бөлімінде бағалау критерийлері мен тапсырмаларды әзірлеу жұмыстары жалғастырылды.

Топтардағы жұмыс Абай атындағы ҚазҰПУ-дың түрлі институттарынан қатысушыларды жинады, сондай-ақ, қонақ дәрісіне қатысушылар өз тәжірибелерін қосып дәрісті жандандырды.

Қонақ дәрісі тиімді және нәтижелі болды, онда доктор Спаркс білім беру бағдарламалары мен курс силлабустарын әзірлеудегі соңғы әзірлемелерімен бөлісті.

Еске салайық, бұған дейін спикерлер Гүлмира Курганбаева (Ұлттық ұстаз онлайн академиялары), Пристли Дункан (Назарбаев Университеті), Гүлзира Естекова (Алмалы бизнес мектебі) өз тәжірибелерімен бөліскен болатын.

Осылайша, Институционалдық тиімділік кеңсесі Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлері үшін 2022 жылдың мамыр айында ұйымдастырылған қонақтық дәрістер топтамасын аяқтады.

Барлық университет қызметкерлеріне, сондай-ақ шақырылған спикерлерге белсенді қатысқандары және оқуға атсалысқаны үшін алғыс айтамыз.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here