Тұңғыш университеттің 95 жылдығына орай конкурс жарияланды

0
965

Қазақстанның байырғы жоғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне биыл 95 жыл толады. «Ұстаздар ұстаханасы» атанған тұңғыш университет өзінің мерейтойына қызу дайындықты қазірден бастап та кетті. Ахмет Байтұрсынұлы, Темірбек Жүргенов, Халел Досмұхамедов, Сәкен Сейфуллин, Санжар Асфендияров, Мәлік Ғабдуллин, Ораз Жандосов сынды алыптардың іздері сайрап жатқан Abai University өзінің 95 жылдығына орай жас зерттеушілер, оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми жобаларына конкурс жариялады. Бұл туралы Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Римма Абдықадырқызы өзінің Facebook парақшасында жазды.

Қоғаммен байланыс департаменті басшысының мәліметінше, конкурс жеңімпаздарына Ректор гранты тағайындалады. Ал, ғылыми жобалар конкурсына қатысу үшін үміткерлер конкурс туралы Ережеге сәйкес өтінім береді. Өтінімдер Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30 мекенжайы бойынша 203 А кабинетінде 2023 жылдың 23 қаңтарына дейін қабылданады.

«Abai University ғалымдарды қолдау арқылы жас зерттеушілердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жаңа жобалардың ашылуына жол ашады», – деп түйіндеді Римма Абдықадырқызы.

Расында, Абай есімін иеленген тұңғыш университетте ғылымды дамытуға жағдай жасау, жоғары білікті және бәсекеге қабілетті зерттеушілерді қалыптастыру, жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында көп жұмыс атқарылып келеді. Бүгін жарияланған жас зерттеушілер, оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми жобаларына арналған конкурс – сол көп жұмыстың бір парасы ғана.

Жас зерттеушілердің ғылыми жобалар конкурсы туралы хабарландыру:

https://abaiuniversity.edu.kz/kz/5536/notice/

https://abaiuniversity.edu.kz/ru/5535/notice/

Оқытушылар мен қызметкерлердің ғылыми жобалар конкурсы туралы хабарландыру:

https://abaiuniversity.edu.kz/kz/5538/notice/

https://abaiuniversity.edu.kz/ru/5537/notice/

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here