Мемлекеттік қызметші – алдыңғы шепте…

0
2311

«Бірінші байлық – денсаулық». Осынау қарапайым ғана қағиданың ішіне халық даналығы тұтастай тіршіліктің мәні мен күллі болмыстың сырын сыйғызып жібергенін қатерлі дерттің әлем бойынша асқына түскенінде анық көзіміз жеткендей болды. Жасты да, басты да талғамайтын бұл індетті тек күнделікті өмірде, жұмыс орнында белгіленген қатаң тәртіпті сақтаған жағдайда ғана еңсере алады екенбіз. Осындай сәтте қоғам алдындағы жауапкершілігі еселеп артқан мемлекеттік қызметшілердің пандемия жағдайында эпидемиологиялық талаптарды сақтауы ел қауіпсіздігінің ең басты алғышарттарының бірі болып отыр.

Осы мәселені жіті назарында ұстаған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті ағымдағы жылдың 23 қазанында өткен Әдеп жөніндегі кеңесінде қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру жұмыстарын күшейту туралы шешім қабылдады. Осыған орай, Алматы қаласы әкімі аппараты мен аудандардағы Әдеп жөніндегі уәкілдер өз құзіреттілігі шегінде бұл жұмыстарды шұғыл қолға алды.

Онлайн режимінде өткен жиында мемлекеттік қызметшілерге бетперде режимін қатаң сақтау, дезинфекциялық шараларды тұрақты жүргізу, орынсыз басқосуларды болдырмау, осындай заң бұзушылықтарды байқаған жағдайда тиісті органдарға хабарлау, індеттің алдын-алу сынды шаралардың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.

Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Ахетов баяндама жасап, мемлекеттік қызметтің маңыздылығымен қатар, оның үлкен жауапкершілік екенін айрықша атап өтті. «Тәртіпке бағынған – құл  болмайды» дейтін Б.Момышұлының тағылымды тәмсілін еске сала отырып, қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшілер әрдайым елдің назарында екенін еске салды. Сол себепті де, қандай жағдай болса да, мемлекеттік қызметшілер қоғам өмірінің үнемі алдыңғы шебінде болып қала береді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here