БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

0
1022

маусым күні ӘлФараби атындағы ҚазҰУдың әскери кафедрасы және ҚазҰУ қызметкерлері «Парасат» кәсіподағының ұйымдастыруымен Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді. «Балалық шақ мейрамы» аталған мерекелік шараларды «Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев пен әскери кафедра басшысы полковник Олег Ажимов ашты.

 Мейрамның салтанатты бөлігінде әскери кафедра студенттері балаларға арналған концерттік бағдарлама ұсынды. Онда танымал әндер шырқалып, әзіл-ысқақ көріністері қойылды. Ертегі әлемін бейнелеген аниматорлардың өнерлері балаларды баурап, тамаша көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар бүлдіршіндер «Асфальтқа салынға суреттер», «Шебер мерген», «Ертегіні тап!» сынды арнайы ұйымдастырылған көптеген байқауларға қатысты. Ал жоғары сынып оқушылары үшін «Менің Отаным – Қазақстан» атты тарихи викторина ойнатылды.

Мейрам қызыққа толы болды. Тек асфальтта сурет салу байқауына 91 бала қатысты. Ән айтып, өлең оқуға ниет білдіргендер қарасы да қалың. Интерактивті лазерлық тирде ересек балалар әртүрлі атқыш қарулардан оқ атып, автоматты шашып, қайта жинады. Атыс қаруының үлгілерінің көрмесі, Зенит атқыштардың тренажерлері және ЖМП жүргізушілерінің механиктері мереке қонақтарын үлкен қуанышқа бөледі.

Сондай-ақ Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына және Балалар күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан»  сурет байқауы да балалар тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Байқау онлайн форматта өтіп, суреттер кәсіподақтың инстаграмм парақшасында жарияланды. Дауыс беру арқылы екі апта көлемінде үздік суреттер анықталды. Кейбір байқауға қатысушылар мыңнан жоғары көрсетілімдерге қол жеткізді. Байқауға жіберілген 180 сурет авторлардың жас ерекшеліктеріне қарай үш топ бөлінді. Ең кіші қатысушы небәрі үш жаста.

Барлық байқаулар мен викториналардың нәтижелелері бойынша, әрбір қатысушы мақтау қағазы мен сый-сияпатқа ие болды. Мұндай мерекелер жас ұрпақ бойындағы Отанға деген сүйіспеншілік пен достық сезімдерін арттырып, патриотизмге тәрбиелеуде маңызды екенін атап өткен жөн.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here