Farabi business school: бизнес-білім берудің жаңа форматы

0
1579

Қазақстанда бизнес-білім беруді дамыту мен басқарудың тиімді стратегиясын құру – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бизнес-білім берудің сапалы жүйесінің болуы кәсіпкерлерге, басқарушыларға Қазақстанның әлеуметтік-мәдени капиталын, экономикасы мен бизнесін заман талабына сай дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда кәсіпкерлік және басқару дағдыларын оқытуға жауап беретін бизнес-мектептердің рөлі арта түсетіні сөзсіз.

Заман талабына сай табысты бизнес-мектептер – қазіргі кезде зерттеу университеттерінің жанындағы жеке құрылымдарда шоғырланған.

Бүгінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Farabi business school бизнес-мектебін жұмыс істейді. Бизнес-мектептің басты міндеті – жаһанданған әлемдік нарықтың сын-қатерлеріне жауап бере алатын, білімге негізделген жаңа инновациялық экономиканың дамуын басқаруға қауқарлы, бәсекеге қабілетті кәсіпкерлер мен бизнес көшбасшыларын даярлау.

Универсиеттегі бизнес-мектеп іскерлік әкімшілендіру магистрі (МВА), іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA) білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ басшылардың кәсіби даму бағдарламаларын іске асырады.

Қазір Farabi business school қалыптасу үстінде. Бизнес-мектеп жұмысын жаңа бастаған менеджерлерден бастап, басшылар мен бизнес иелеріне дейін түрлі деңгейдегі басқарушыларды оқыту бойынша бағдарламалар кешенін ұсынуды жоспарлап отыр. Жаңа оқу жылында персоналды басқару, спорт, білім беру, туризм сияқты бірнеше жаңа авторлық МВА және DBA білім беру бағдарламалары басталады.

2019 жылғы MBA бағдарламасының тыңдаушылары бизнес-мектеп бағдарламасының алғашқы ізашарлар болды. Қазіргі уақытта бұл бизнес-мектепке қызығушылар қатары көбеюде.

Универсиеттке арнайы келген сапарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Farabi business school мектебінің жұмысымен танысып, бизнес-білім берудің жаңа форматтарын дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын.

Қазір Farabi business school-де бизнесте үлкен тәжірибесі бар бизнес-тренерлер және корпоративті консалтинг, академиялық дәрежесі бар лекторлар сабақ береді.

Тәжірибе көрсеткендей, тиімді көшбасшы болу үшін университеттің негізгі білімі мен басқарудың практикалық тәжірибесі жеткіліксіз.  Кәсіпкерлік қызметті басқарудың заманауи тәсілдерін білу, мүмкін болатын даму сценарийлерін модельдеу және бизнес-процестерді тиімді басқару үшін жаңа идеяларды қалыптастыру мүмкіндігі қажет. Басқаша айтқанда, қазіргі заманғы басшыға басқарушылық бизнес-білімі қажет. Сондықтан Farabi business school-дың МВА және DBA бағдарламалары басқарушылық ойлау мен бизнес-құзыреттілікті дамытуға назар аудара отырып, басқарушы кадрларды даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here