Петропавлда «Елбасының ізімен» экскурсиясы өтті

0
879

Петропавл қаласында «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ «Қоғамдық келісім» КММ СҚО облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовпен «Елбасының ізімен» ұйымдастырылған экскурсия өтті.

Ғ. Нығыметов жастар ұйымдарының өкілдерімен, қозғалысының жетекшілерімен және белсенді жастармен кездесті. Экскурсия облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, Тұңғыш Президент саябағында, Абылай хан резиденциясында, Петропавл қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде, Ботаникалық бақта өтті, сондай-ақ, өңірдің бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарын аралады.

Достық үйіндегі қызықты экскурсиядан кейін облыс әкімінің орынбасары Ғ.Нығыметов жастармен бейресми жағдайда әңгімелесіп, олардың барлық сұрақтарына жауап берді. Ғ. Нығыметов мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, белсенді азаматтық ұстанымды одан әрі ұстануға және жүректе патриотизммен өмір сүруге шақырды.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығында және Тұңғыш Президент күні қарсаңында Мен сіздермен бірге егеменді еліміз тарихының беттерін парақтай отырып, Елбасының ізімен жүріп өтуге тамаша мүмкіндік алдым. Сіздердің әрқайсыларыңыз оң өзгерістерді, креативтілік пен бастамаларды жақтайтын өз Отанының лайықты азаматы болып табылатынына сенімдімін! Сіздер мақсатқа ұмтылған, талантты, позитивті, шығармашыл, білімге құштар жастар, олар әлемді жақсы жағына қарай өзгерте алады, жаңа көкжиектерді аша және тани алады», – деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов.

Кездесу соңында Ғани Нығыметов жастарға қатысқаны үшін алғысын білдіріп, кездесуде айтылған жақсы идеялары мен ұсыныстарын жоғары бағалады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here