Бірлігі күшті ел озады

0
624

2022 жылдың 11 қаңтар күні Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы Парламент Мәжілісінің отырысына қатысып, мемлекетіміздің бірлігін, бейбітшілігін және әлеуметтік-экономикалық жағдайын  арттыру мақсатында жасаған мазмұнды баяндамасында үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді.

Ел Президентінің Қазақстан халқына айтқан үндеуі әрбір қазақстандық азаматқа нақты айқын жол көрсетті деп білеміз. Болашақтағы  Қазақ елінің бірлігі мен қауіпсіздігі туралы айтқан тұжырымды ойлары көпшіліктің қолдауына ие болды. «Бірлікті ел бұзылмас» дегендей, тәуелсіз Қазақ елінің тұтастығы мен тұрақтылығы осы бірліктің арқасында деп білеміз. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арман-мұраты – Қазақ елінің тәуелсіздігі мәңгілік болсын. Ел іші аман, іргеміз берік болсын.

Осыған орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  оқытушы-ғалымдары ел Президентінің ұстанымдарын толық қолдайды және жүзеге асыруға атсалысады деген сенімдеміз.

Болатхан САРБАСОВ,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры м.а., ф.ғ.к.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here