«Бақытты отбасы» орталығында «ASD WOMANS CLUB» әйелдер клубымен кездесу өтті

0
1450

Көктем – құлпыру мен әсемдіктің мезгілі. Көктем айналаға тек жайма шуақ ауа райын ғана сыйламай, әр жанның көңіл күйіне де айрықша әсер етеді. Осы тұста, орталығымыздың аналарына керемет көңіл күй сыйлау үшін көктем мерекесіне орай, Медеу аудандық «Бақытты отбасы» орталығында «ASD WOMANS CLUB» әйелдер клубымен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты – аналармыздың стилін, шаш үлгісін, бет әрлеу жағынан нағыз стилист маманның көмегімен өзгерту болды.

Толықтай өзгертуге Медеу аудандық «Бақытты отбасы» орталығынан қызмет алушы 2 анамыз таңдалынды. Олар Айгүл ханым – 5 баланың анасы және Майра ханым – 7 баланың анасы. Аналарымыздың толық киім-кию үлгісінен бастап, толықтай стилін өзгертумен Paris Fashion Week-те тәжірибесі бар халықаралық стилист Алтынай Алибай айналысты.

Сонымен қатар, өзге аналарымыз стилисттің ұсыныстарын алып, жаңа білім ала алды десек қателеспеспіз. Себебі, кей уақытта үй қамымен аналарымыз өздеріне көңіл бөлмейтіндігі шындық. Алайда нәзік жандылардың көңіл-күйінің көтеріңкі болып жүруі, шаттанып жүруі толықтай барша жанға әсер етеді. Образыңыздағы жаңа өзгеріс – жаңа бастаманың себепшісі де болуы мүмкін.

Медеу ауданыдық «Бақытты отбасы» орталығы әрдайым әр анаға, әр отбасына көмк қолын беруге, білімінің шыңдалып, дамуына әр кезеңде дайын.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады:
8 747 671 06 26 (Жұмаш Анар)

Анықтама: Медеу ауданының «Бақытты отбасы» орталығы 2019 жылдың ақпанынан бастап жұмыс істеп келе жатқан көп балалы аналардың әлеуметтік орталығы. Орталық көпбалалы, аз қамтылған, толық емес және мүмкүндіктері шектеулі балалары бар отбасыларға қызмет көрсетеді. Аналарға атаулы әлеуметтік көмекке тәуелді болмай, әйелдердің дамуына арналған тегін курстар мен бизнес бастау үшін грант ұтып алу мүмкіндігін ұсынады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here