Абай университетінің ресми сайты үш номинацияда топ жарды

0
628

2022 жылдың сәуір айында Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығы мен Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университеті ТМД-ға мүше мемлекеттерде үздіксіз педагогикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары және қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарының веб-сайттарына арналған II халықаралық ашық «Интернет-премия EAPU» конкурсын өткізді.

Конкурсқа ТМД-ның бес елінен, атап айтқанда, Қазақстан, Беларусь, Молдова, Ресей және Өзбекстаннан педагог кадрларды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын іске асыратын 52 жоғары және қосымша кәсіптік білім беру ұйымдары қатысты.

Мақсаты – ТМД елдерінің педагогикалық және көпсалалы білім беретін университеттерінің кәсіби веб-сайттарын танымал ету, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі мекемелерінің қызметіне мемлекеттік, қоғамдық және бизнес ұйымдарының назарын аудару.

Конкурс қорытындысы бойынша Абай университетінің (Абай атындағы ҚазҰПУ) ресми сайты келесі номинациялар бойынша жүлдегер атанды:

– «Сайт мазмұнының өзектілігі»;
– «Пайдаланушылардың кең ауқымы үшін ең пайдалы сайт»;
– «Ең ақпаратты сайт».

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here