Ғалымдар мемлекеттік наградалармен марапатталды

0
688

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі және ғылыми қызметтегі ерекше еңбегі үшін көрнекті ғалымдар ҚР Мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Олардың қатарында Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдары – профессор Сманов Бақтияр Өрісбайұлы және кафедра меңгерушісі Косов Владимир Николаевич бар.

Сманов Бақтияр Өрісбайұлы – педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық 5ылым академиясының академигі, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының (Ресей), Халықаралық Айтматов академиясының (Қырғыз Республикасы) академигі, «Абай атындағы ҚазҰПУ хабаршысы» (Филологиялық ғылымдар сериясы) журналының бас редакторы, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, редакция мүшесі. «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Мугалим» (Қырғызстан) журналдарының редакциялық алқа мүшесі. Жамбыл Жабаев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, 450-ге жуық ғылыми еңбектің (оның ішінде 7 монография, 15 оқулық және оқу-әдістемелік құралдар) авторы.

Косов Владимир Николаевич – ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, физика-математика ғылымдарының докторы, термофизика және теориялық жылу техникасы, технология саласындағы ғылыми мектептің жетекшісі. 2017 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» ұлттық павильонында EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесінде «көмірсутекті газ қоспасын бөлуге арналған құрылғы» авторлық жобасын ұсынды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бірнеше жобаларының жетекшісі, 200-ден астам ғылыми мақалалардың, 4 монографияның және 15 патенттің (оның ішінде 1 халықаралық) авторы. Scopus және Web of Science халықаралық дәйексөз деректер базасы бойынша Хирш индексі – 6/5. Ол2 физика-математика ғылымдарының докторын, 8 ғылым кандидатын, 2 PhD докторын дайындады.

Осы күні Абай университетінің тағы бір ғалымы математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Алма Есімбекқызы Әбілқасымова ҚР Ұлттық ғылым академиясының медалін алды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here