Ұстаздар ұстаханасында докторанттардың ғылыми семинары өтті

0
1054

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты докторанттарының ғылыми семинары өтті. Семинардың негізгі мақсаты – докторанттардың ғылыми пікірталас жүргізе алуын, зерттеу нәтижелерін ауызша және жазбаша дұрыс баяндау дағдыларын, олардың ғылыми зерттеу әдістемесі саласындағы білімдері мен дағдыларын дамыту.

Семинарда «8D01101-Болашақ педагог-психологтардың кәсіби ұтқырлығын дамытудың теориялық негіздері» тақырыбында «Педагогика және психология» мамандығының 2-курс докторанты Қ.Е. Ағыбайдың, «Жасөспірімдердің психикалық дамуының тежелуінің алдын алу және преносологиялық диагностиканың педагогикалық негіздері» тақырыбында «8D01901-Арнайы педагогика мамандарын даярлау» мамандығының 2-курс докторанты Р.Д. Пономареваның, «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды полиграфия саласындағы жұмысқа бейіндік даярлаудың ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары» тақырыбында «8D01901-Арнайы педагогика мамандарын даярлау» мамандығының 2-курс докторанты Е.Д. Калиниченконың баяндамалары тындалды.

Шараға психология педагогика институтының зерттеуші-профессорлары Жиенбаева Н.Б., Тургумбаева Б.А., директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, профессор Абсатова М.А. қатысты. Семинардың модераторы PhD докторы, қауымдастырылған профессор Г.Т. Абитова болды.

Семинар барысында докторанттар өздерінің докторлық диссертациясының тақырыбы бойынша зерттелетін мәселенің теориялық және практикалық жағынан ұсынды. Зерттеу жұмысының барысында туындайтын мәселелер, қойылған мақсат пен міндеттер, сондай-ақ зерттеуді жүргізудің критерийлерін дұрыс таңдау әдістері талқыланды.

Семинарға қатысушылардың арасында әрбір баяндама ғылыми қызығушылық тудырып, жаңа білімге деген шығармашылық ізденіс жағдайында өтіп, мазмұнды пікірталасқа ұласты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here