Түрік тілі мен мәдениеті апталығы өтті

0
776

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Ғылым онкүндігі аясында Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының «Түрік тілі» пәнінің оқытушылары 2023 жылдың 4-7 сәуірі аралығында Түрік тілі мен мәдениеті апталығын өткізді.

Мәдени және зияткерлік іс-шара PhD докторы Динара Ашимова, аға оқытушылар Гүлназ Сәтбай және Нұржамал Коспаганбетованың бастамасымен ұйымдастырылды. Түрік тілі апталығының салтанатты ашылу рәсіміне Абай университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шыңғыс Нұрланов, Филология институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Алмас Найманбаев және шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Назым Қоңқабаева қатысты.

«Түрік тілі» пәнін оқитын 2-4 курс студенттері «Өлең оқу», «Ән айту», «Шығарма жазу», «Түркияға саяхат постері» және «Зияткерлік сайыс» номинациялары сайысқа түсті. Қазылар алқасының құрамында Түркиядан келген ерікті педагог Рейхан Гөкбел және кафедра доценті Ерғали Есбосынов болды. Әр номинация бойынша жеңімпаз студенттер анықталып, жалпы командалық жарыс нәтижесі бойынша аға оқытушы Нұржамал Қоспағанбетова дайындаған студенттер жеңімпаз атанды. Динара Ашимова мен Гүлназ Сәтбайдың жетекшілігімен 4 курс студенттерінің өнер көрсетуі де өте қызықты болып, қазылар алқасының және шараға қатысушылардың барлығының ықыласына бөленді.

Жеңімпаз студенттерге сыйлық пен марапат сертификаттары табыс етілді. Доктор Динара Ашимова мен аға оқытушы Гүлназ Сәтбай мұрындық болған бітіруші 4-ші курс студенттерінің мәдени және сахналық қойылымы аса қызықты болып қатысушылар мен жюри мүшелерінің құрметі мен ілтипатына ие болды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және сертификаттармен марапатталды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here