12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күніне орай, университеттің барлық құрылымдарында, факультеттер мен кафедраларда, ҒЗИ және ғылыми-зерттеу орталықтарында осы апта бойы конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастырылады.
Қазіргі таңда өркениет өлшемі ғылым мен білімнің даму көрсеткішіне байланысты. Жаңа Қазақстанды қалыптастыруда, бәсекеге қабілетті қуатты экономика құруда ғылымның ықпалы зор екені даусыз.
«Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет. Ғылымды дамыту – Қазақстанның аса маңызды басымдығы болып қала береді» деген ұстанымды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым қадап айтып келеді.
Қазіргі уақытта еліміздегі аграрлық саладағы жетекші оқу орны Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің алдында ғылымды жаңа бағыттар бойынша дамытудың ауқымды міндеттері тұр. Ең бастысы, ғылым арқылы бәсекеге қабілетті мамандар легін даярлау және инновациялық ғылым жетістіктерін агроөндіріске батыл енгізу. Осы бағыттағы өзекті мәселелер үстіміздегі аптада университет бастамасымен өтетін маңызды іс-шараларда кеңінен талқыланбақ.
10 сәуір
Сағ. 10.00. «Инженериядағы инновациялық зерттеулер» көрмесі. Ұйымдастырушы: «Инженерлік –техникалық» факультеті, Өтетін орны 6 оқу ғимараты.
Сағ. 12.00. «Көктем нұрын шашты – жарқыраған жасыл жайлауыма» «Зооинженерия және тағам өндірісінің технологиясы» тақырыбында тәрбие сағаты. Өткізілетін орны: Конференц зал, 10 оқу ғимараты, 218 ауд.
11 сәуір
Сағ. 10-00. «Агробиология» факультетінде Ғылым күніне арналған «Өсімдік шаруашылығы ғылымының қазіргі жағдайы және келешегі» тақырыбындағы дөңгелек үстел. Өткізілетін орны: 4 Оқу ғимараты.
Сағ. 10.00 – 10:00 «Арал теңізі бассейнінің эндореялық (ішкі) су нысандарындағы апаттар қаупін азайту және төмендету шеңберіндегі субөңірлік ынтымақтастық» тақырыбында Халықаралық Аралды құтқару қоры «Су ресурстары проблемалары» департаментінің жетекшісі М.Нарбаевпен қонақ дәріс. Өткізілетін орны: Конференц зал, 7 оқу ғимараты, 801 ауд.
Сағ. 12:00 «Технология, ұйымдастыру және құрал-жабдықтар – кез-келген тағам өндірісінің біртұтас механизмі» тақырыбында «Барыс-2007» ЖШС бас технологы Н.Райхель ханыммен қонақ-дәріс. «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы» студенттерімен кездесу. Өткізілетін орны: Конференц зал, 10 оқу ғимараты, 218 ауд.
Сағ. 14:00. «ҚазҰАЗУ Агротехнологиялық Хабының агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосқан инновациялық жетістігі және үлесі» атты дөңгелек үстел. Өткізілетін орны: АгроХАБ 3-қабат.
12 сәуір
Сағ. 10:00 «Аграрлық ғылым – болашаққа көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел, Өткізілетін орны: Ситуациялық орталық.
Сағ. 10.00 «ҚР Су ресурстарының мәселелері» тақырыбында Халықаралық Аралды құтқару қоры» бас маманы А.Кеншимовпен қонақ дәріс.
Өткізілетін орны: Конференц зал, 7 оқу ғимараты, 801 ауд.
Сағ. 11:00 Қазақстандағы ғылым қызметкерлерінің күніне орай «Біздің күшіміз ғылым мен білімде» атты ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен өтетін «КітапFair» жәрмеңкесі. Өткізілетін орыны: 7 оқу ғимарат фойесі
Сағ. 14:00 «Агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету: өндіріс және қайта өңдеу» тақырыбындағы дөңгелек үстел. Ұйымдастырушы: «Зооинженерия және тамақ өндірісінің технологиясы» факультеті, Өткізілетін орыны: 10 оқу ғимараты, №218 мәжіліс залы.
Сағ. 14.00 «Тәуелсіздік және Қазақстан ғылымы» тақырыбында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Тарих институтының директоры Ғ.Кенжебаевпен қонақ дәріс. Өткізілетін орны: 6 оқу ғимараты, 6л1 ауд.
13 сәуір
Сағ. 11:00 «Қазақстандағы ветеринария ғылымының қазіргі жағдайы мен проблемалық мәселелері» тақырыбында «Биотехнология» Ұлттық орталығы филиалы директорының кеңесшісі С.Мамадалиевпен қонақ дәріс.
Өткізілетін орны: 11 оқу ғимараты, 116 ауд.
14 сәуір
Сағ. 10:00-12:00 «Су, жер және орман ресурстарының өзекті мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстел, Өткізілетін орны: Су Хабы, 7 ғимарат, 801 ауд.
Сағ. 10.00 «Космостық зерттеулер мен технологиялар Ұлттық орталығы» АҚ «Ауыл шаруашылығы өндірісін Космостық мониторингілеу» кафедрасының меңгерушісі Н.Бекмухамедовпен қонақ дәріс.
Өткізілетін орны: Water HUB.
Сағ.11.00 «Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік қаржылық қолдау құралдары» тақырыбында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Алматы филиалының директоры Ж.Нұрғазиновпен қонақ дәріс.
Өткізілетін орны: Вагенинген институты, 1 оқу ғимараты.
Сағ. 11.00 «Судебная реформа в Республике Казахстан: обзор основных этапов» тақырыбында Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ж.Жанатбековамен қонақ дәріс.
Өткізілетін орны:бас ғимарат, 84 ауд..
Сағ. 11.00 «Бейбіт жиналыстарды, шерулер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Т.Абдухановпен қонақ дәріс. Өткізілетін орны: Бас ғимарат, 84 ауд.
Сағ. 12:00 «Орман және фиторесурстарды қашықтықтан зондтау» тақырыбында «Чехия Аграрлық университеті Орман және аң шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының профессорларымен қонақ-дәріс форматында «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» студенттерімен және ПОҚ кездесу. Өткізілетін орны: Вагенинген институты, 1 оқу ғимараты, 2 ауд.
Сағ. 12:00 «ҚР тағам өндірісінің даму перспективалары» тақырыбында ҚР ҰҒА академигі Чоманов Үрішбай Чоманұлымен қонақ-дәріс. Өткізілетін орны: Конференц зал, 10 оқу ғимараты, 218 ауд.
Сағ. 14:00 «Ғылыми жобалар – болашақтың интелекті» тақырыбында «Мемлекеттік ғылыми техникалық талдау» АҚ ҚР Ұлттық техникалық талдау басқармасының басшысының орынбасары А.Тлеповамен қонақ-дәріс
Өткізілетін орны: Конференц зал, 10 оқу ғимараты, 1298 ауд.
ҚазҰАЗУ Баспасөз қызметі