Көрмеде ел аумағынан табылған бірегей жәдігерлер ұсынылды

0
730

Абай университетінің Ғылым онкүндігі аясында Өнер, мәдениет және спорт институтының ұйымдастыруымен «Жасампаз» галереясында «Көне түркі дәуірі мен көне ұйғыр кезеңінің жазбаша өркениеті VI-XIV ғғ.» тақырыбында фотокөрме өтті.

Көрме Қазақстандағы АҚШ елшілігінің «Мәдени мұраны сақтау жөніндегі Елші қорының» 20 жылдығына орай іске асырылған Халықаралық Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының «Ұйғыр қағанаты дәуіріндегі түркі жазуының жәдігерлері көне түркі мәдениетін зерттеудегі дереккөзі ретінде» (2021-2023 жж.) жобасы шеңберінде жүргізіліп отыр.

Фотокөрменің ашылуына Қазақстандағы АҚШ елшілігінен Баспасөз, мәдениет және білім мәселелері жөніндегі кеңесшінің орынбасары Чад Киннирге және жоба мүшелері «Көркем білім» кафедрасының оқытушылары Шайгозова Жанерке, п.ғ.к. аға оқытушы Ибрагимов Аман, ф.ғ.к., Арзиев Руслан, жоба кеңесшісі доцент, археолог Алексей Рогожинский қатысты.

Көрмеде Қазақстан аумағынан табылған көне түркі дәуірі және көне ұйғыр кезеңі жазуының 15 бірегей жәдігері ұсынылды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here