ҚазҰУ мен Түркі әлемінің ғылым академиялары меморандумға қол қойды

0
708

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев Әзірбайжан, Қырғызстан, Башқұртстан, Татарстан, Моңғолия, Түркия Ғылым академиялары президенттерімен және Хазар университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум мақсаты – серіктестікті дамыту, ғылыми бағытта бірлесіп зерттеулер жүргізу және ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру.

Қол қою рәсіміне Әзірбайжан Республикасы Ғылым академиясының президенті Иса Габиббейли, Қырғыз Республикасы Ғылым академиясының президенті Қанатбек Әбдірахматов, Түркия Ғылым академиясының президенті Музаффер Шекер, Башқұртстан Ғылым академиясының президенті Камил Рамазанов, Татарстан Республикасы Ғылым академиясының вице-президенті Дания Загидуллина, Моңғолия Ғылым академиясының президенті Регдел Дугер және Хазар университетінің негізін қалаушы және ректоры Гамлет Исаханлы қатысты.

Меморандум аясында тараптар кітапхана қорларын пайдалануға және ғылыми бағытта жазылған жарияланымдар мен материалдарды алмасуға, бірлескен семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруға, ғылыми және академиялық еңбектерді бірлесіп басып шығаратын болады.

Салтанатты шарадан соң ҚазҰУ басшысы Жансейіт Түймебаев бүгінгі меморандум үлкен нәтижелерге қол жеткізуге сеп болатынын жеткізді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here