Сертификатталған 72 сағаттық біліктілікті арттыру курстары өтті

0
944

12-22 мамыр күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, колледждер, серіктес мектептердің тәлімгерлері, дуальды білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын серіктес ұйымдар үшін онлайн және офлайн режимінде сертификатталған 72 сағаттық біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы дуальды білім беруге мүдделі ұйымдар, компаниялар мен білім беру мекемелерін сапалы даярлауды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың негізгі бағыттарына сәйкес болашақ педагогтарды даярлау мақсатында дуальды білім беру бағдарламаларын жобалауға және іске асыруға даярлауға бағытталған.

Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде тыңдаушылардың кәсіби құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін кіріс және шығыс сауалнама қарастырылған. Тыңдаушылардың білімін бақылау және бағалау мақсатында «Дуальды оқыту жағдайында оқытудағы инновациялық тәсілдер», «Дуальды оқытудың болашақ педагогтың кәсіби даярлығының табыстылығына әсері», «Дуальды білім беру: енгізу мәселелері және перспективалық артықшылықтар» тақырыптарында презентация-эссе жасау ұсынылды.

Курстарды аяқтағаннан кейін толық курсты тыңдап, тапсырмаларды орындаған қатысушыларға халықаралық имидж сертификаттары табыс етілді, жобаның серіктестері, NGS жаңа буын мектебінің өкілдері дуальды білім беруді дамытуға белсенді қатысқаны үшін алғыс алды.

Курсты ұйымдастырушылар – педагогикалық шеберлік орталығы және KazDual жобасының командасы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here