Экологиялық туризмді дамыту келешегі талқыланды

0
317

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Қорғалжын қорығының аумағында болды. Еліміздегі экологиялық туризмнің жай-күйімен, проблемаларымен және даму келешегімен, сондай-ақ туризмнің осы түріне азаматтардың сұраныс деңгейімен танысу сапардың басты мақсаты болды.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп кездесу барысында экологиялық туризм мәдениеті еліміз экологиясын сақтаудың маңызды мәселесі болып табылатынын атап өтті.

«Қазіргі әлемде экологияны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылып отыр. Біздің еліміздің күн тәртібінде де бұл мәселе өткір тұрғаны анық. Бұл тұрғыда экологиялық туризм проблемаларын шешу өзекті болып табылады, оның мәдениетін қарқынды дамытуымыз керек», – деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Шараға экология және табиғи ресурстар, мәдениет және спорт министрліктерінің өкілдері, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың басшылары, өңірлік сарапшылар мен қорық қызметкерлері қатысты.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here