1 млн теңге: өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына көмек көрсетіледі

0
348

1 млн теңге: өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына көмек көрсетіледі. Алматыда хостелде өрт кезінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туыстарына 1 млн теңге көлемінде көмек беріледі. Бұл туралы өңірлік коммункациялар қызметі брифингінде Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев айтты.

«Қала басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек бөлінеді. Бұған дейін хабарланғандай, Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша әкімдік қаза тапқандардың денелерін туыстары көрсеткен жерге, оның ішінде еліміздің басқа өңірлеріне тасымалдауға көмектеседі. Одан бөлек, Алматы қаласы аумағында жерлеу рәсімін ұйымдастыруға толық көмек көрсетіледі», – деді Айдар Жақыбаев.

Еске салайық, бүгін Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 30 қараша күні сағат 05:33-те түскен. Бірінші өрт сөндіру бөлімі шақырту орнына 7 минут ішінде жетті. 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here