Тұңғыш университет беделді рейтингке қатысты

0
555

Абай университеті алғаш рет экологиялық және әлеуметтік тұрақтылыққа бағдарланған беделді QS World University Rankings: Sustainability-2024 рейтингіне қатысты. 2023 жылдың 5 желтоқсанында жарияланған жаһандық рейтингте Абай университеті 1 101-1 150 позицияны иеленді, бұл Азия аймағында 34-ші орынға және Қазақстанда 7-ші орынға сәйкес келеді.

Тұңғыш университеттің институционалдық қызметін бағалау үшін 9 негізгі индикатор қарастырылды, оның ішінде экологиялық тұрақтылық, білім беру, зерттеу, әділеттілік, денсаулық және әл-ауқат көрсеткіштері бар. Осылайша, экологиялық тұрақтылық және теңдік санаттарында Абай университеті жақсы нәтиже көрсетті, ал тиімді басқару санатында 317-орынды иеленіп, ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Бұл рейтингке қатысу және оның алғашқы жетістіктері Абай университеті үшін тұрақты болашаққа ұмтылу жолындағы маңызды қадам болды. Нәтижелер университеттің жаһандық Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге белсенді қатысуын растайды.

Абай университеті табиғатпен үйлесімділікке және болашақ ұрпақтың әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға ықпал ететін білім беру ортасын құруға бағытталған бастамаларды ұстана отырып, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылыққа деген ұмтылысын жалғастырады. Аталған рейтинг тұрақты білім беру жолының бастамасы ғана және Абай университеті осы бағыттағы күш-жігерін үнемі жетілдіріп отыруға ұмтылады.

Бір айта кетерлігі, Абай университетінің түрлі беделді рейтингтерде қарқынды ілгерілеуі бәсекелестіктің артуы жағдайында ұстаздар ұстаханасының соңғы жылдары атқарған жұмысының айырықша нәтижелерін айғақтайды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here