Украина өз одақтастарына кезекті өтінішін айтты

0
97

Украина президенті Владимир Зеленский Батыс елдеріндегі одақтастарынан Киевке заманауи әуе қорғанысы жүйелерін жеткізу туралы кезекті өтініш айтты. Мысалға таяуда Иранның Израильге жасаған шабуылын келтірді. Өйткені, Иран атқылаған зымырандар мен дрондарды Израильдің өзі де, оның одақтастары – АҚШ пен Ұлыбритания да атып түсіргенін тілге тиек етті.

«Одақтастардың шешуші әрекеті террордың жүзеге асуына және инфрақұрылымның істен шығуына жол бермеді. Сондықтан Израиль сияқты НАТО-ның мүшесі болып табылмайтын Украинаны да Ресейден қорғауы мүмкін. Бұл үшін НАТО-ның бесінші бабын қолдану керек емес, тек саяси ерік жеткілікті», – деп жазды Владимир Зеленский өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Украина басшысы Киев одақтастарына әуе қорғанысы жүйелері үшін ризашылығын білдірді, бірақ ресейлік соққылардың қарқындылығы туралы айтып, елдің заманауи әуе қорғанысы жүйелеріне қатты зәру екенін жасырмады.

Вашингтонның да, Лондонның да бұл мәселе де ұстанымы түсінікті. Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон өз кезегінде Лондон Киевке Иерусалимге көрсеткен қолдауымен бірдей көмек көрсетпейтінін ашық жеткізді. Министрдің айтуынша, егер британдық әуе күштері Украинаның үстінен дрондар мен зымырандарды атып түсіре бастаса, бұл Ресеймен тікелей соқтығысуға алып келеді.

Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here