Базардағы өрт: үш астаналық құтқарушы жарақат алды

0
848

18 шілдеде Астана қаласында «Биг Шанхай» базары аумағындағы ғимараттардың бірі өртеніп кетті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қанат Алтынбековтың айтуынша, алғашқы бөлімдер келген кезде өрт ғимараттың үш қабатын түгел шарпып үлгерген.

– Тепловизор мәліметтері бойынша сыртқы қабырғалардың температурасы 800 градустан асқан. Ішінде не болғанын елестетіңіз. Құрылымдардың опырылуы және өртті сөндіру барысында үш қызметкеріміз жарақат алды. Олардың біреуі бас жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды, – деді Қанат Дүйсенбекұлы.

Қанат Алтынбековтың мәліметінше, өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД және ЖАО 165 адам, 62 бірлік техникасы жұмылдырылды. 

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігі бірнеше өңірде ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріліп, өрт қаупі күшейетінін ескертті. Министрліктің мәліметінше, апта соңында Қазақстанның көптеген өңірінде күн ыстық болады. Ақтөбе, Алматы, Түркістан, БҚО, Маңғыстау, Жамбыл және Жетісу облыстарында ауа температурасы +46 ° дейін көтеріледі.

Иә, жаз маусымы басталысымен, күн­нің күрт ысуына байланысты та­биғи өрттің орын алу қаупі жиі­лейді. Шіліңгір шілдеде аптап ыс­т­ық пен қуаңшылық кезеңінде дала төсіндегі, ормандардағы өрт қауіп­сіздігі ережелерін сақтаудың маңы­зы өте зор. Өйткені, тілсіз жау алдын алмағандарға өшігеді.

Жанар ДӘУЛЕТҚЫЗЫ

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here