Достық пен құрметтің белгісі

0
397
Берді Кербебаевтың құттықтауы. 1970 ж.

1970 жылы қазақ әдебиетінің классигі, халық жазушысы Сәбит Мұқановтың 70 жылдық мерейтойы республикалық көлемде кеңінен аталып өтті. Сол салтанатты күндердің бірінде түрікмен жазушысы, ақын, Түрікменстанның халық жазушысы Берді Кербебаев Сәбеңе шын жүректен құттықтау айтып, ерекше тарту ұсынды – сәнді ақ түсті бас киім.

Бұл сый – жай ғана бас киім емес, ағалық көңілден, қаламдас құрметтен, өмірлік достықтың нышанынан туған шынайы тарту еді. Қазақ салтында бас киім – мәртебе мен сыйластықтың белгісі. Осы көріністен қаламгер арасындағы рухани жақындық, әдебиетке деген ортақ махаббат, ұлттық құндылыққа деген құрметті көреміз.

Б. Кербебаев пен С. Мұқанов бір дәуірде қатар өмір сүріп, қазақ әдебиетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан тұлғалар. Олардың достығы елге өнеге, қаламгер қауымға тағылым. Сол тарихи сәттің фотосуреті бүгінде С. Мұқанов музей-үйінің қорында сақтаулы. Суреттен қос жазушының арасындағы жылы достық пен шынайы құрметті анық байқаймыз.

Жазушының жүзіндегі риясыз күлкі мен ақ бас киімді ықыласпен киген сәті – қазақ зиялыларының арасындағы шынайы сыйластықтың белгісі. Бұл көрініс қазақ әдебиетінің алтын қорында ерекше кадр ретінде сақталып, мәңгілік символға айналды деуге болады. Музей қорында сақталған бұл ақ бас киім – өткен ғасырдың асыл достығының көзіндей, құнды жәдігер ретінде музейіміздің экспозициясында қойылған.

Жанар ТАЕВА,
Алматы қаласының музейлер бірлестігіне қарасты
«С. Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің
әдеби-мемориалдық музей кешенінің»
ғылыми қызметкері.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here