Құрметті ұстаздар, студенттер және ата-аналар!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – білім мен ғылымға жасалған жаңа қадамдардың, тың идеялар мен биік мақсаттардың бастауы.
Қазақстан-Британ техникалық университеті әрқашан сапалы білім беруді, халықаралық деңгейдегі ойлау қабілеті мен кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруды басты міндет санайды. Біздің университет жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, олардың әлемдік тәжірибеге сай шыңдалуына жағдай жасап келеді.
Жаңа оқу жылында университетіміз білім беру сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу әлеуетін кеңейтуге және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударады. Негізгі мақсатымыз – еліміздің дамуына үлес қосатын бәсекеге қабілетті, кәсіби мамандар даярлау.
Құрметті студенттер! Сіздерге алдағы оқу жылы табысты, жаңа мүмкіндіктерге толы болсын деймін. Ізденіс пен еңбектеріңіздің жемісін көріп, үлкен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін.
Ардақты ұстаздар! Сіздердің еңбектеріңіз – жас ұрпақтың жарқын болашағының кепілі. Шәкірттеріңіздің табысы өздеріңізге қуаныш пен шабыт сыйласын.
Жаңа оқу жылы әрқайсымыз үшін берекелі, сәтті әрі жемісті болсын!
Ізгі тілекпен,
Габдуллин Маратбек Тулебергенұлы,
Қазақстан-Британ техникалық университетінің Ректоры,
Басқарма төрағасы











