Эко-Маңғыстау: өңір халқын табиғатты қорғауға тарту бағытындағы кешенді жұмыстар

0
283

Маңғыстау облысында экологиялық мәдениетті нығайту және өңірдің орнықты дамуын қолдау мақсатында «Қазақстанның Экологиялық Қоры» қоғамдық қоры «Эко-Маңғыстау: халықты қоршаған ортаны қорғауға және өңірдің орнықты дамуына тарту» жобасын табысты жүзеге асырып келеді. Жоба аясында мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл күшейтіліп, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруға бағытталған кең көлемді іс-шаралар ұйымдастырылды.

Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жолға қойылды. Жобаның алғашқы міндеттерінің бірі өңір халқының табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру мақсатында өңірлік ұйымдармен ынтымақтастық тетігін әзірлеу болды. Бұл жұмыс толық көлемде орындалып, Маңғыстау облысындағы экологиялық бастамаларды қолдайтын негізгі ұйымдармен өзара іс-қимыл жүйесі жасалып, іске асырылды. Бұл тетік тұрғындарды экологиялық әрекеттерге тартуға, өңірдің тұрақты дамуына үлес қосатын қоғамдық серіктестікті нығайтуға мүмкіндік берді. Мерекелік экологиялық іс-шаралар жоспары келісілді. Жоба шеңберінде мерекелік іс-шаралар бағдарламасын Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен келісу міндеті қойылды. Бастапқыда меморандум жасасу жоспарланғанымен, басқарма тарапынан ынтымақтастық туралы меморандумнан бас тарту жөнінде ресми хат келді. Соған қарамастан, іс-шаралар бағдарламасы Тапсырыс берушінің талаптарына толық сәйкес қазақ және орыс тілдерінде әзірленіп, белгіленген мерзімде бекітуге жіберілді және тиісті түрде бекітілді. Эко-еріктілерге арналған ақпараттық материалдар әзірленді. Жобаның маңызды бағыттарының бірі — тұрғындардың экологияға және тұрақты дамуға жауапты қатынасын қалыптастыруға арналған ақпараттық құралдар шығару. Осы мақсатта Ақтау қаласында 1500 дана лифлет және 1500 дана брошюра басып шығарылып, өңір тұрғындары мен еріктілер қауымдастығына таратылды. Бұл материалдар эко-волонтерлердің жұмысын ақпараттық және әдістемелік жағынан қолдауға, халық арасында экологиялық сауаттылықты арттыруға ықпал етті.

«Эко-волонтерлік» мектебі іске қосылдыЖоба аясында «Эко-волонтерлік» мектебі құрылып, өңір жастары мен белсенділеріне арналған оқыту жүйесі ұйымдастырылды.

Қараша айында Жаңаөзен қаласындағы №22 гимназия мен №19 орта мектепте 60 белсендіге экология және тұрақты даму бағытында тренингтер өткізілді. Спикерлер Оралбекова Назерке Асанқызы және Абдуалиева Айгүл Кадесовна қатысушыларға экологиялық мінез-құлық, қалдықтарды басқару және волонтерлік жұмыстың тиімді тәсілдерін түсіндірді. 2025 жылғы 11 қарашада №2 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде 200 қатысушыны қамтыған өңірлік семинар өтті. Жобаға қатысушылардың қанағаттану деңгейі сауалнама арқылы анықталып, 200-ден астам адамның пікірлері жинақталды.

Экологиялық акциялар мен марафондар. Жоба аясында теңіз акваториясын жақсартуға бағытталған «Теңізді тазарту үшін сүңгуірлер марафоны» ұйымдастырылды. Түсірілген бейнеролик Хабар порталында жарияланды. Сонымен қатар 25 адам қатысқан эко-пикник және 100 адамды қамтыған төрт сенбілік өткізілді. Жаңаөзендегі №3 мектепте өткен «Сарыға лақтыр» акциясында 68 оқушы пластикалық қалдықтарды сары контейнерге сұрыптау дағдысын меңгерді.

Экологиялық мерекелер аясындағы іс-шаралар өткізіді. 5 маусым — Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай облыстық деңгейде 100 қатысушыны қамтыған іс-шаралар өткізіліп, табиғатты сақтау мәселелеріне арналған конференция ұйымдастырылды.

12 тамыз — Халықаралық Каспий күні қазақтың ұлттық ойындарын қамтыған мерекелік бағдарлама ретінде өтті. Арқан тарту және армрестлингтен 85 адам қатысты. 39 адам қатысқан дөңгелек үстел, мерекелік логотиппен дайындалған өнімдер және Каспийге арналған бейнеролик іс-шара мазмұнын толықтырды.

Сонымен қатар, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҚЕАҚ 2025 жылдың қорытындыларын ұсыну мақсатында ағымдағы жылдың 24 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында Zoom платформасында көпшілік алдында кездесу өткізуді жоспарлап отырғаны хабарланды.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here