Еліміздегі жетекші көпсалалы жоғары оқу орындарының бірі – Esil University-де «Digital Public Administration» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару бакалаврлары даярланбақ.
«Digital Public Administration» білім беру бағдарламасы мемлекеттік және жергілікті басқару саласында цифрлық технологияларды, деректерді талдау құралдарын және заманауи басқару әдістерін қолдана алатын жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған.
Бағдарлама студенттерге мемлекеттік басқару, экономика, құқық, менеджмент, электрондық үкімет, GovTech, жасанды интеллект, Big Data, Power BI, HR-менеджмент, жобалық басқару және халықпен коммуникация бағыттары бойынша білім мен практикалық дағдылар береді.
«Бұл бағдарлама цифрлық трансформация жағдайында мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік секторда, жобалық кеңселерде, аналитикалық орталықтарда және цифрлық мемлекеттік қызметтерді дамыту саласында жұмыс істеуге қабілетті мамандарды даярлайды», – дейді Esil University ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Аяпберген Таубаев.
Білім беру бағдарламасының мақсаты – Мемлекеттік және жергілікті цифрлық басқару саласында жоғары деңгейдегі кәсіби және цифрлық құзыреттерге, заманауи білім мен практикалық дағдыларға ие, мемлекеттік органдар мен жария сектор ұйымдарында тиімді қызмет атқаруға, жұмыс берушілердің сұранысын қанағаттандыруға және жеке әл-ауқатқа қол жеткізуге қабілетті бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Студенттер не үйренеді?
Студенттер оқу барысында:
– мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат негіздерін меңгереді; электрондық үкімет және цифрлық мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыруды үйренеді;
– деректерді талдау, визуализациялау және Power BI құралдарын қолданады;
жасанды интеллект және Big Data негіздерімен танысады;
– GovTech және цифрлық трансформация құралдарын меңгереді;
мемлекеттік сектордағы HR-менеджмент және HR-аналитика бойынша білім алады;
– жобаларды әзірлеу, іске асыру және бағалау дағдыларын қалыптастырады;
– халықпен тиімді коммуникация және кері байланыс механизмдерін қолдануды үйренеді.
Бағдарлама түлектері мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында, цифрландыру және GovTech жобаларында, электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер орталықтарында, аналитикалық және жобалық кеңселерде, HR-қызметтер және персоналды басқару бөлімдері мен өңірлік даму және мемлекеттік саясат салаларында жұмыс істей алады.
Түлектердің болашақ қызметтері:
Мемлекеттік қызметші
Мемлекеттік басқару саласының маманы
Цифрлық трансформация бойынша маман
GovTech жобаларының маманы
Аналитик
Бизнес-аналитик
HR-аналитик
Жобалық менеджер
Мемлекеттік қызметтерді ұйымдастыру жөніндегі маман
Халықпен байланыс және кері байланыс бойынша маман
Бағдарламаның артықшылықтары:
Digital Public Administration бағдарламасы мемлекеттік басқару мен цифрлық технологияларды біріктіреді. Студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, деректермен жұмыс істеу, цифрлық құралдарды қолдану, мемлекеттік қызметтерді жетілдіру, жобаларды басқару және басқарушылық шешімдерді негіздеу дағдыларын меңгереді.
Бағдарлама қазіргі еңбек нарығының талаптарына сәйкес әзірленген және мемлекеттік сектордың цифрлық трансформациясына қажетті мамандарды даярлауға бағытталған.









