20 жылда 13 қаралы күн жарияланды

0
137

Бір өкініштісі, 25 қыркүйектегі Жалпыұлттық аза тұту күні – азат ел тарихындағы он үшінші жағдай. Айталық, 2006 жылы Қарағанды облысындағы шахталардың бірінде жарылған метаннан 41 кенші опат болғанда Қазақстан халқы алғаш рет аза тұтты.

2008 жылы Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына қарасты «Абай» шахтасында тағы да метан жарылып, 30 кенші қайтыс болғанда, 2010 жылы Қызылағаш су қоймасында бөген жарылып, 45 адам су түбінде қалғанда, 2012 жылы Үшарал отрядының «Сары бөктер» заставасында 12 шекарашы мен қорықшы Владислав Челах қолынан ажал құшқанда, 2012 жылы Шымкент маңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің ұшағы құлап, борттағы 27 адам бақилық болғанда, 2013 жылы Алматы маңындағы Қызылту ауылына жақын жерде Scat әуе компаниясының Көкшетау-Алматы бағытындағы рейсі жерге құлап, 21 адам көз жұмғанда, 2016 жылы Ақтөбе қаласында радикалды ұстанымдағы қылмыстық топпен қарулы қақтығыс кезінде 21 адам өмірден өткенде, 2019 жылы Bek Air әуе компаниясының ұшағы Алматы әуежайында 2 қабатты үйге соғылып, 12 адамның жанын жалмағанда қаралы күн жарияланды.

2020 жылы 13 шілдеде еліміз коронавирустан көз жұмған азаматтарды еске алу үшін аза тұтты.

2021 жылы Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы 17 адамның өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамыз Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

«Семей орманы» табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан 14 орманшының қайтыс болуына байланысты 2023 жылғы 12 маусымды Жалпыұлттық аза тұту күні деп белгіленді.

Соңғы рет 2026 жылғы 25 қыркүйекте еліміздің Туы тұғырдан түсіріліп, қаралы қаңтарда қайтыс болғандарды үнсіздікпен еске алады.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here