Айдос Мырзахметов Қорғаныс министрі болып тағайындалды

0
54

Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген хабарламада.

Айдос Мырзахметов – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясын 2002 жылы бітірген.

Әскери қызмет жылдарында взвод командирінен бастап Мемлекеттік күзет қызметі департаментінің бастығына дейінгі жолдан өтті. Қызмет барысында жоғары кәсібилігін, табандылығы мен қабылдаған шешімдері үшін жауапкершілігін танытты.

2024 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

2026 жылғы мамырда оған жоғары әскери атақ – генерал-майор атағы берілді. Генерал шенінің айырым белгілерін оған Қазақстан Республикасының Президенті жеке табыстады.

«Айбын» II дәрежелі орденімен наградталған.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here