Павлодар облысында Ақсу-2 станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды

0
199

Павлодар облысында 1981 жылы салынған Ақсу–2 станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды. Нысанды жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылатын елдің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді.

Қайта құру барысында вокзал ғимаратын жаңарту бойынша жұмыстар кешені жүргізілді. Шатыр мен қасбет толығымен ауыстырылды, үй-жайлардың ішкі безендірілуі жасалды. Инженерлік коммуникациялар – сумен жабдықтау, кәріз және жылыту жүйелері жаңартылды, электр және әлсіз ток желілері жаңартылды.

Іргелес аумақты абаттандыруға ерекше назар аударылады. Вокзал айналасындағы кеңістікті ретке келтіру бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді, бұл жолаушылардың болу жағдайларын жақсартуға және қызмет көрсетудің жайлылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Ақсу–2 станциясының вокзалы II типке жатады. Станция арқылы Ақсудың Алматы, Астана, Павлодар, Семей, Өскемен және Маңғыстаумен көлік қатынасын қамтамасыз ететін сегіз жолаушылар пойызы өтеді.

Вокзалды қайта жаңарту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға және қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here