Театр барлық өтемақыны төлейтін болады – Мәдениет министрлігі

0
1492

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қызметкерлеріне қатысты жағдай қолданыстағы заңнамаға сәйкес, театр құрылымын қайта жасақтауға байланысты екенін хабарлаймыз.

Өзгеріс бойынша бұрынғы лауазымдар жойылып, жоғары біліктілікті қажет ететін жаңа лауазымдар енгізілді. Осы өзгерістерге қатысы бар барлық қызметкерге бос лауазымдар немесе қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс ұсынылған, бірақ олар жұмыстан бас тартып отыр.

Айта кетейік, театр барлық өтемақыны төлейтін болады. Сонымен қатар, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іске заңды тұрғыда қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері кейінірек жарияланады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Баспасөз қызметі

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here