ҚБТУ-дың қос диплом бағдарламалары – бұл жаһандық болашаққа, халықаралық мансап пен сапалы білімге жасалған сенімді инвестиция. Сіз шетелге шықпай-ақ британдық жоғары білім ала аласыз, ал қажет болса, оқуды тікелей Ұлыбританияда жалғастыруға мүмкіндік бар.
Қазақ-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) 2005 жылдан бері Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарымен бірлескен қос диплом бағдарламаларын сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл – студенттерге бір оқу процесі аясында ҚБТУ мен британдық университеттің екі дипломын алуға бірегей мүмкіндік.
Қос диплом деген не?
Бұл – студент британдық серіктес университетпен келісілген бірыңғай оқу жоспары бойынша білім алатын бағдарлама. Оқу аяқталған соң түлек Қазақстан және Ұлыбритания үлгісіндегі екі ресми диплом алады. Бұл оның еңбек нарығындағы мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді.
Серіктес университеттер:
1. 1. University of London
Бағдарлама Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE) академиялық жетекшілігімен жүзеге асырылады. LSE – экономика және әлеуметтік ғылымдар саласындағы әлемдегі ең үздік университеттердің бірі. 2025 жылғы QS World University Rankings рейтингі бойынша LSE «Экономика және эконометрика» бағыты бойынша әлемде 8-орында.
Қолжетімді мамандықтар:
– Экономика
– Қаржы және экономика
– Data science және бизнес-аналитика
– Математика және экономика
– Бизнес және менеджмент
– Business Analytics бойынша Graduate Diploma
– Data Science бойынша Graduate Diploma
Барлық оқу материалдарын LSE профессорлары әзірлейді, ал қорытынды емтихандар тікелей Лондонда тексеріледі.
2. 2. University of Reading
Қолжетімді мамандық: Бизнес басқару
Бағдарлама аясында студенттер оқудың соңғы екі жылын Ұлыбританияда өткізе алады. University of Reading – Ұлыбританиядағы үздік 30 университеттің бірі, Red Brick Universities қатысушысы.
Бағдарламаға кім түсе алады?
– ҰБТ нәтижелерімен мектеп түлектері
– ҰБТ-сыз талапкерлер (ҚБТУ-дың ішкі емтиханы нәтижесімен)
– Басқа жоғары оқу орындарының студенттері (ауысып оқу мүмкіндігі)
– University of London бағдарламалары үшін халықаралық біліктілікке (A-levels, IB Diploma, МЭСК және т.б.) ие талапкерлер бірінші курсты өткізіп, қысқартылған бағдарламаға тікелей түсе алады
– Ағылшын тілінің минималды деңгейі: КБТУ-ға түсу үшін – IELTS 5.5 немесе баламасы. Британдық бағдарламаға ауысу үшін – IELTS 6.0 (University of London, 1-курстан кейін), IELTS 6.5 (University of Reading, 2-курстан кейін) немесе баламасы
Қалай түсуге болады?
1. ҚБТУ сайты арқылы онлайн өтініш беріңіз – kbtu.edu.kz
2. Конкурстық іріктеуден өтіңіз (ЕНТ немесе ішкі тест нәтижесімен)
3. Ағылшын тілінде сұхбаттан өтіңіз және тіл деңгейін растаңыз
2025 жылдың шілдесінде маған әлемнің үздік оқу орындарының бірі – Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде (LSE) білім алу бақыты бұйырды. LSE Summer School – бұл түрлі елдерден келген студенттерге арналған үш апталық қарқынды оқу бағдарламасы.
Data Science және Machine Learning бағытында білім алып, мен өз саламда халықаралық деңгейдегі тәжірибе жинадым. Біз нақты мәліметтермен жұмыс істеп, машиналық оқыту модельдерін жасап үйрендік. Бұл – болашақта Қазақстанда жаңа технологияларды дамыту үшін аса құнды білім.
LSE – тек академиялық орта емес, түрлі мәдениеттер тоғысқан ерекше орта. Жапония, Германия, АҚШ, Үндістан, Африка елдерінен келген студенттермен бірге оқи отырып, мен өз көзқарасымды кеңейттім. Қазақ елі туралы айтып, еліміздің әлеуетін таныстыру мен үшін үлкен мәртебе болды.
Бос уақытта мен Seven Sisters жартастарына барып, Қазақстан туын көтердім. Лондондағы би студияларына қатысып, Британ музейі мен Кембридж университетіне бару – менің рухани және академиялық дамуыма зор үлес қосты.
Осындай мүмкіндікті сыйлаған ҚБТУ-дың Халықаралық экономика мектебіне алғысым шексіз. Бұл тәжірибе мен үшін жаңа белеске жол ашты. Алдағы уақытта шетелде алған білімімді Қазақстан игілігіне қолдану – менің басты парызым!
ҚБТУ-мен жарқын болашаққа жол ашыңыз!
Байланыс:
Алматы қ., Төле би көшесі, 59
Тел.: +7 (727) 357 42 42
Сайт: https://kbtu.edu.kz