«Армияда қылмысқа орын жоқ»

0
874

Әскерлердің арасында «Өмірді сақта» құқықбұзушылық профилактикасы ведомоствааралық бірыңғай жоспарының талаптарын орындау үшін «Айыппұлсыз жыл» акциясының бірінші кезеңінде «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» принципін іске асыру бойынша және «Әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету және бастықтың белгіленген тәртіппен берген бұйрығын бағыныштының өзгедей қасақана орындамау деректерін алу бойынша» профилактикалық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу мақсатында Қызылорда гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерде әскери полиция бөлімшесімен сәтті орындауда.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясы бас басқармасының бастамасын Қызылорданың әскерлері сәтті орындап, өңірдегі әскери құқық бұзушылық деңгейін күрт төмендетті.

Еліміздің бүгіні, ертеңі мен болашағы ішкі және сыртқы тыныштығына тікелей байланысты.

Кезіндегі Алтай мен Атырауды жайлап, Еділ-Жайықты бойлай қоныс теуіп ел шежіресін сыр алқапқа найзаның ұшымен, білектің күшімен, қанмен қашап жазған өр рухты бабаларымыздың ұрпақтары бүгінде ел тыныштығын күзетуде. Сайдың тасындай іріктелген қайсар ерлер аналарымыз бен балаларымыздың түн ұйқысының тыныштығын сақтауда болса, буыны бекіп, ақыл-ойы толыққан жастарымыз әскер қатарына алынып, ел мен жер алдындағы мақсат міндеттерін ұғынуда.

Жас жеткіншектеріміз әскери өмірде темірдей қатал тәртіпке бағынып ел басына күн туған сәтте, кез-келген жағдайдан шығу жолдарын, қорғану мен қорғауды антқа берік, досқа адал болуды үйренуде.

Дегенмен де, бес саусақ бірдей емес, ел үміт артқан ерлеріміздің ішінде «Әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету және бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту жағдайларға» жол беріп, қиыс басатын азаматтарымыз да бар.

 Осы орайда, теріс қылыққа жол бермеу мақсатында, Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлері көптеген оқу түсіндіру жұмыстарын өткізуде. 2023 жылы жалпы алғанда төрт жүзге жуық және жаңа жылдың алғашқы айында семинар, дөңгелек үстелдер, дәрістер мен жеке сұхбаттар тұрақты түрде өткізілуде.

Оқу, түсіндіру жұмыстарының барысында әскер қатарындағы келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 10-тарау «Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар», 15-тарау «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтар», 18-тарау «Әскери қылмыстық құқық бұзушылықтар», Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 10-тарауы «Жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар», 25-тарау «Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар», 30-тарау «Көліктегі, жол шарушылығындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар» және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 652-бабының 3 және 6 тармағындағы «Әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету және бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашықтан-ашық бас тарту бойынша әскери қызметшілердің әкімшілік жауаптылығы» жайында түсіндіріліп, мұның әскери бөлімге, өзінің жеке басына қаншалықты зарар келтіретіндігі, соңы қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылумен аяқталатындығы ұғындырылуда.

Азаматтарымыздың аз күндік қиындыққа шыдас бермей, теріс қылыққа жол берулерінің негізгі себебі – ішкі әлсіздігі, Отансүйгіштік, патриоттық сезімдерінің мұқалуы. Сондықтан да рухы өр, жігері бекем нағыз ерлерімізді өсіруге күш салуымыз қажет. «Ерді намыс өлтіреді» демекші намысты ұл өсіріп, жігерін жани білейік. Сертіне селкеу түсірмейтін ұлдарымыз көп болғай!

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің бастығы майор Бақтияр Дәуренқұлов

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here