Қазақстанда жастар саясаты жөніндегі заң күшіне енді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Баспасөз қызметі хабарлады.
28 ақпаннан бастап Қазақстанда жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Яғни, жастардың үлесі 3,7 млн-нан 6 млн-ға дейін көбейді. Енді 35 жасқа дейінгі азаматтар жас отбасыларға арналған жеңілдіктерге ие болу, жеңілдетілген несие алу сияқты игіліктерге ие болады.
Сонымен қатар:
- Жастардың даму индексі;
- Уақытша жұмысқа орналаспаған жастар (NEET санатындағы жастар);
- Жастармен жұмыс жөніндегі маман;
- Жастардың еңбек жасақтары ұғымдары ресми түрде қолданылады.