Канвон-2024: Қазақстан қоржынына тұңғыш алтын медаль түсті

0
304

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының мүшесі Илья Мизерных Канвондағы жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды. Екінші орыннан австриялық Никки Хамл, үшінші сатыдан польшалық Лукас Лукащук тұр.

Канвонда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада тұғырдан шаңғымен секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтын медальді жеңіп алған Илья Мизерныхты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады.

«Мемлекет басшысы чемпионның әлі де талай жеңіс тұғырынан көрініп, биіктерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Канвондағы додаға қатысып жатқан отандық споршыларға табыс тіледі», – деп жазды өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here