Грузинше шантаж

0
406

Егер Брюссель Грузияның Еуропалық Одаққа мүшелігін мақұлдау туралы шешім қабылдаса, онда билік шетелдік агенттер туралы заңды қайта қарауы мүмкін. Бұл туралы «Грузин арманы – демократиялық Грузия» билік партиясының басшысы Ираклий Гарибашвили мәлімдеді.

«Егер бізге «Ертең Еуропалық Одақтың мүшесі боласыңдар» десе, шетелдік агенттер туралы заңды оңай жоюға болады, оны қайта қараймыз немесе жаңасын қабылдаймыз», – деп сендірді Грузияның бұрынғы премьер-министрі. Енді бұл грузинше шантаж екені ақиқат.

41 жастағы Ираклий Гарибашвили сөзінше, Грузия 2023 жылдың желтоқсанында Еуропалық Одаққа үміткер мәртебесін алған кезде, шынын айтқанда, Тбилиси мен Брюссель арасында әлі консенсус жоқ.

Билік партиясы алғаш рет 2023 жылдың наурыз айында шетелдік агенттер туралы заң жобасын енгізді. Оның қабылдануына қарсы жаппай наразылықтардың салдарынан бұл бастама алынып тасталды. 2024 жылдың сәуірінде партия заң жобасын Парламенттің қарауына қайта шығарды. Дегенмен, құжат мәтініне еш өзгерістер енгізілмеді. Грузияда наразылықтар қайтадан басталды. 17 сәуірде заң жобасы бірінші оқылымнан өтті. Грузия президенті 72 жастағы Саломе Зурабишвили оған вето қоюға уәде берді.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here