Украинаға, Израильге және Тайваньға әскери көмек көрсетуді қамтитын кешенді заң жобасы АҚШ Өкілдер палатасының қабылдауы үшін қажетті дауыс санын жинады. Оған 360 конгрессмен жақтап дауыс берді, 58-і қарсы болды. Бұдан әрі заң жобасы Сенатқа жіберіледі.
Заң жобасы бойынша, АҚШ Украинаға көмек қолын созу үшін 61 млрд доллар бөледі. Шамамен 23 млрд доллар американдық қару-жарақ қорларын толықтыруға, 11 млрд доллар аймақтағы АҚШ операцияларын қаржыландыруға, 14 млрд доллар заманауи қару-жарақ пен қорғаныс жүйелерін сатып алуға арналады. Сонымен қатар, заң жобасы Израильге 26 млрд доллар бөлуді көздейді.
Осылайша, Ақ үй мен конгрессмендер арасындағы жарты жылға созылған дауға нүкте қойылды.