Шәкір Жексенбаев – 125: Қазақтың тұңғыш генералын қалай ұлықтап жүрміз?

0
1080
Дисклеймер: Шәкір Жексенбаевтың түрлі-түсті суреті жасанды интеллект көмегімен жасалған.

Талай өлең көнеріп,
Талай даңқ өшіпті.
Батыр баба өнері,
Өзіңізге көшіпті.

Туды қазір азат күн,
Өтті заман жас тамған.
Генералы қазақтың,
Өзіңізден басталған.

Бүгін сәби бала да,
Батырлықты ойлап жүр.
Олар қазір далада,
Қар лақтырып ойнап жүр.

Мұрагерді іздеңіз,
Ішінен сол баланың.
Қызығамыз Сізге біз,
Генералы даланың.

Қадыр Мырза Әлі («Балдырған» журналы, 1961 жыл).

Соңғы кезде әлемде, көрші елдерде болып жатқан жағдайлар әр азамат үшін ойланарлық мәселе. Сонау сұрапыл жылдар қасіреті әр отбасында өзіндік өшірілмес ізін қалдырған.

Қазіргі таңда әлеуметтік желі мен әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдары мен баспа беттерінде Ұлы Отан соғысы жайында неше түрлі мәліметтер келтірілуде. Кей кезде тарихи деректерді бұрмалап, жалған идеологиялық пиғыл мен өтірік патриоттық сезім тудыру мақсатында жалған ақпарат берілуде.

Өз жеке бас позициямыз әр келтірілген мәлімет нақты құжатпен дәлелденбеген болса, бұл жалған ақпарат есебінде қабылдануы тиіс. Әрине, қазіргі танда бар деректер мұрағаттарда «Құпия», «Аса құпия» мөрімен басылып жабық күйде, әр саналы, ой-өрісі дұрыс қалыптасқан ел азаматы ойлану керек шығар – не себепті бұл деректерді осыншама құпия қылғаны, астарында бір шикілік немесе нағыз шындық жатқаны ма? Осы ой-өріс бағытында көптеген ізденіс жасалды және өзімізге бір құнды дүние тапқандай болдық.

Атамыз Айталиев Сәтбай – Батыс Қазақстан облысы қазіргі Бөкей орда ауданына қарасты Шоңай ауылында 1916 жылы дүниеге келген. Ұлы Отан соғысын ауыр артиллерия полкінің ефрейтор шенінен бастап, соғысты ауыр авиация штурманы, аға лейтенант болып аман-есен елге оралады, көп жылдар туған жерде ұстаздық қызмет атқарады. Туған ағасы Шәкір Жексенбаев сол елді мекенде 1901 жылы дүниеге келіп, Азамат соғысы кезінде қазақ даласында құрылған бірінші үлгілі атты әскер полкінде, кейін Ұлы Отан соғысын полковник шенінде бастап, 1943 жылы тұңғыш қазақ ұлтынан генерал-майор жоғарғы офицерлік шен иеленген өкілі десек те артық болмайды.

«Тұңғыш» сөзінің айналысында көптеген бақталас пен пікірлер айтылды да жазылды. Осы тұста бір баспасөз бетінде Сағадат Нұрмағамбетов «Тұңғыш қазақ генералы» деген мақалада келтірілген кезде әкеміз дереу Шәкір атамызға хабарласқанда, есімізге түсетіні атамыздың сөзі: «Еш теледидар мен баспасөз бетіне қарсы пікір жазба, неде болса бұл офицердің кезекті лауазымға көтерілу немесе тағы басқа себептерге байланысты жазылған мақала, ең бастысы қазағымның генералы көп болсын, ал кім бірінші ол маңызды емес». Кейін генерал С. Нұрмағамбетовтың өзі бір сұхбатында «Ш. Жексенбаевтан басқа қазақ халқынан генерал шенін алған ұлт өкілін білмеймін», – деп айтқан.

Жоғарыда келтірілгендей, әр сөз бен тұжырым артында нақты дәлелдейтін құжат болуы шарт. 1985 жылы Шәкір атамыздың «Жалын» баспасында мемуарлық естелік кітабы жарық көрді. Кітапты оқи отырып бір байқағанымыз – өміріндегі әр болған оқиғаны нақты мұрағат дәйектерімен дәлелдеп келтірген. 

Кеңес заманында, 1960-80 жылдары атамыз көп мәліметтер мен деректерді арнайы қойын дәптеріне: қай мұрағат, қордың аты, тізім нөмірі, бетіне дейін түсіріп жазып кеткен. Бұл мұрағатқа сол заманның өзінде кез келген адамды кіргізе бермейді. Шәкір атамыз шені мен арнайы әскери сала маманы болғандықтан көп құпия мағлұматтарды жазып кеткен, көп дүниелер кітапқа енбей қалды, оның да өзіндік себептері бар. Көп жерде «шовинистік пиғылмен қосқан үлестері иеленбеді» деген пікірлер айтылып, жазылуда. Бұның атамызға еш қатысы жоқ деп санаймыз және кей тұстарын айта кеткенді жөн көріп отырмыз.

Бөкей орданың Шоңай ауылында туған жас қазақ жігіті барлық өмір қиындығына төтеп беріп, алғашқы еңбек жолын тұз өндірісінен бастап, кейін өз еркімен өмірін әскери бағытқа арнап, бірінші үлгілі атты әскер полк кавалеристі, қиын болса да қазақи ортадан шығып, орыс тілін игеріп, әскери сала ерекшелігі мен қызметін меңгеріп және ең бастысы осы саладағы арнайы әскери химик атағына ие болған бірден-бір қайталанбас тұлға. 

Өз елімізден басқа ТМД елдерінен ерекшелігі – «генерал» мәртебесін «Кеңес Одағының батыры» атағынан төмен дәрежеде көретіндігі өкінішті, бұл мәселе маңыздылығы келесі мәліметпен келтіруге болады:

В.Д. Успенскийдің «Тайный советник вождя» (3 том, 59 бет) атты кітабында: «Награждением орденами, присвоением звания Героя Иосиф Виссарионович обычно не занимался, для этого существовал специальный аппарат, был определенный порядок.  Но, звание генералов – обязательно через него. Сталин держал в памяти фамилии почти всех крупных военачальников, включая генерал-майоров их у нас было немного более ста… 81 общевойсковых, 33 родов войск, 6 по ведомству Берии в войсках НКВД, а Героев более 11 000». 

Жоғарыда келтірілген елдерде өз генералдарын қалай құрмет жасалғаны төмендегі мақаладан үзінді келтірер едік:

«А вот как чтят память о своих генералах в других республиках СНГ, не говоря о России и Украине. Правительство Калмыкии именем Городовикова О.И. переименовали город Башанта, в Элисте – проспект, через 11 лет после отставки добились присвоения Героя СССР. 

В Грузии именем своего генерала Леселидзе К.Н. переименован город Ермоловск, в Тбилиси – проспект, через 27 лет после смерти добились присвоения Героя СССР (1971 г.). 

В Узбекистане именем Рахимова С. в Ташкенте названы станция метро, район, проводят турнир, в 1955 г. через 12 лет после смерти добились присвоения Героя СССР. (А теперь в Шымкенте названа улица и поставлен памятник)». 

Осы күнге дейін бір түсінбейтін дүние не себепті жоғарыда келтірілген мәселелерді басшылыққа ала отырып, техника әскерінің Генерал майоры Ш. Жексенбаевқа Қазақ елінің тарихында тиісті орын берілмегені жөнінде сұрақ туындайды. Соңғы 20 жылда қаншама хат, сұраныс жазылып, аз ғана мардымсыз нәтижеге ие болдық. Қалған жұмыс пен шаруа, әрине біздер – ұрпағының мойнында, бірақ уақыт өте келе өскелең ұрпаққа қандай үлгі тұтарлық тұлға немесе патриоттық сезім қалыптастыратын нендей нақты дәлел айта аламыз?! Оның аяулы есімі Ұлы Отан соғысының шежіресінде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз. Енді ол туған елі – Қазақстанда ұлықталуы керек. Себебі, оның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, әскери білімі мен атқарған қызметі бұған әбден лайықты.

Көрнекті тұлғаның есімін ұлықтап, кейінгі ұрпақ жадында жаңғырту – біздің ортақ парызымыз.

Шәкір АЙТАЛИЕВ,
Қазан университетінің аспиранты.

Батыс Қазақстан облысы,
Орал қаласы.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here