Магистранттарға арналған ашық сабақ өтті

0
172

28 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «7М01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес 1-курс магистранттарына «Мектепке дейінгі білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері» оқу пәнінен педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.З. Таубаева ашық сабақ өткізді.

Оқу пәнінің силлабусында көрсетілгендей, практикалық сабақтың «Мектепке дейінгі ұйымдағы заттық-дамытушы орта және білім кеңістігін құрудың негіздері» тақырыбы бойынша магистранттар мектепке дейінгі ұйымда заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру, оларға қойылатын талаптар, мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік, танымдық, әлеуметтік, шығармашылық және физикалық дағдыларын дамытудағы маңызына, т.б. терең талдау жасап, өз пікірілерін дәлелдей білді. Сабақта «Педагогикалық сыр-сандық» әдісі, сонымен қатар, «Телеграмма» инновациялық технологиясын пайдалана отырып, магистранттар тақырыптың маңыздылығын аша түсті.

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here