Қарттарын қадірлеген ел ардақты

0
1277

Қазан айының бірінші жұлдызы қарттар күні. Осы орайда Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының жеке құрамы мен «Жас зымыраншы» әскери патриоттық клубының оқушылары №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы қарттарды мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында әскери қызметшілер мен мектеп оқушылары ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдардың көңіл-күйлерін көтеріп әңгәмелесіп, ізгі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, бөлімнің атынан қарттарымызға арнайы естелік сыйлықтар табыс етілді.   

Шараның мақсаты жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлауды, қарттарды аялау мен құрметтеуге, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу болып табылады.

«Қарттар күні – қарияларымыздың қоғамға қосқан үлесі үшін шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн. Әрбір жас ұрпақ аға буынды құрметтеп, оларға сыйластық танытса – еліміздің болашағы жарқын болары сөзсіз», – дейді бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Ақтас Даулетов.

Кездесу соңында жүздеріне күлкі ұялаған қарияларымыз әскери қызметшілер мен мектеп оқушыларына ризашылықтарын білдіріп, осындай жүректері мейірімге толы жас ұрпақтың өсіп өнуіне тілеулес екенін жеткізді.

2 сыныпты сержант Мақсат ЖАҚСЫБЕК, Шымкент гарнизонының Баспасөз қызметі

 

Жауап қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here